Ғалымдар күндізгі ұйқының ақпараттарды есте сақтауда пайдасы мол екендігін дәлелдеді

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ғалымдар түскі астан кейін баланың 1 сағат ұйықтауы пайдалы екендігін дәлелдеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Ғалымдар күндізгі ұйқының ақпараттарды есте сақтауда пайдасы мол екендігін дәлелдеді

Ғалымдардың пайымынша, ұйқы баланың сабағына көп пайдасын тигізеді. Өйткені ұйқы ми қатпарларының жұмысын жақсартады. Ұйқы 3-5 жастағы балаларға ақпараттарды есте сақтауда да пайдалы.

Массачусетс университетінің ғалымдары 40 балаға арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде ұйқының пайдалы әсерінің келесі күні де сақталатындығы анықталған.