Ғалымдар: Күніне 4 рет кофе ішу диабеттен қорғайды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ғылыми ақпарат институты тәулігіне төрт шынаяқ кофе ішсе, II дәрежелі сусамырдың даму ықтималдығы төмендейтіні жайлы есеп жариялады.
Зерттеуге ғалымдар 17 мың ересек адамдарды тартқан, кейіннен 8 елден 455 адам қатысқан осындай зерттеу нәтижелері күніне бір шынаяқ кофе ішкендер II дәрежелі сусамырдың даму тәуекелін 5-10 пайызға төмендететінін көрсетті. Бұл әсер күніне ішілген кофенің мөлшерін ұлғайтса, күшейе түседі екен.
Нәтижесі сезілу үшін кемінде екі шынаяқ ішу қажет. Ал төрт шынаяқ кофе шамамен тәуекелді 25 пайызға төмендете алады, деп хабарлады шетелдік БАҚ. Бір қызығы, әсер кофеинсіз кофені ішкен кезде сақталады. Мұның себебін ғалымдар алдағы уақытта анықтамақ.