Ғалымдар «Құс жолының» ең нақты әрі ең үлкен картасын жасап шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Макса Планка атындағы неміс институтының бір топ астрономдары Құс жолындағы жұлдыздардың пайда болу картасын жасап шықты, олардың пікірінше бұл карта галактиканың ұлғайып бара жатқандығын көрсетеді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Картаны жасау кезінде ғалымдар 70 мыңға жуық жұлдыздың жасын анықтап, зерделеген.
Бұл үшін жұлдыздардың суреттері пайдаланылып, олардың түсіне қарай жастары есептеліп шығарылған. Зерттеу үшін әр жұлдыздың екі телескоптан түсірілген суреті алынған.
Бұдан кейін ғаламшардың ұлғаю кестесі жасалып, сол арқылы Құс жолының орталығында көне жұлдыздар топтасқаны ал, шетіне қарай жас жұлдыздардың орналасқаны анықталды.
Америка астрономдары қауымдастығының 227-ші конференциясында жасалған баяндамадағы карта Құс жолының ең үлкен әзірге ең нақты картасы болып отыр.