Ғалымдар күйзелістің негізгі себебін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық ғалымдардың пікірінше, күйзелістің негізгі себебі қаржы мәселесі - үнемі ақшаның аз болуы және қарыздар болып отыр.
Сонымен қатар күйзеліске түсуге туыстардың ауруға шалдығуы, жоспарлардың жүзеге аспауы, ісік ауруына шалдығу қаупі, баспаналардың құны мен жұмыстағы салмақ (жүктеме) әсер ететіні айтылды.
Сондай-ақ, артық салмақ және тұрмыстық мәселелер адамдарды қатты алаңдатады.
Осыған дейін EuroHeartCare 2016 кардиологтар конгресі аясында зерттеушілер күйзеліс пен депрессиялық жағдай ұстамалы жүрек ауруының тууына себеп болып жатады.
Ал Индиана университетінің (АҚШ) ғалымдары күйзеліс пен депрессия адамдардың көңіл-күйі мен сыртқы келбетіне кері әсерін тигізетінін, кей гендердің белсенділігін өзгертіп, осылайша қартаю үдерісін жылдамдататынын анықтады.
Америкалық Рокфеллер Университетінің мамандары созылмалы күйзеліс мидың зақымдалуына әкеледі деген тоқтамға келді, деп жазады шетелдік БАҚ.