Ғалымдар қысқа мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаны қалай жасады⠀

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем ғалымдары вакциналармен жұмыс істеу барысында коронавирустың басқа да белгілі түрлері туралы мәліметтерді пайдаланды. Зерттеушілер бірнеше жылдар бойы ұқсас вирустарға қарсы вакциналар әзірлеумен айналысты.

Ғалымдар қысқа мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаны қалай жасады⠀

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жұмыстар барысында алынған мәліметтер COVID-19-ға қарсы вакциналар дайындауға пайдасын тигізді.

Әдетте, үміткер-вакцина бар кезде сынақ кезеңдері үздіксіз, кейде үзілістермен жүргізіледі.

Адамдар арасында инфекцияның жоғары жұғу деңгейі туралы деректер жинауды жылдамдатуға мүмкіндік берді. COVID-19-дың көптеген жағдайларының салдарынан клиникалық зерттеулерге қатысушылар коронавирус инфекциясын тез жұқтырды, сондықтан нәтижелер де қысқа мерзімде дайын болды.⠀

Өзге де маңызды себептер:

- Ел Үкіметтері зерттеулер мен сынақтар жүргізуге ірі көлемде қаржы жұмсады

- Сынақтың барлық кезеңдерінде вакцинациядан өтуге ниет білдірген еріктілер саны көп болды

- Деректерді талдау мен ғылыми рецензия процестің барысында үздіксіз жүргізілді

- Вакциналар өндірісі үшінші кезеңнің соңына дейін дайын болды.⠀