Ғалымдар: Қызанақ пен қарбыз қан тамырларының жұмысын жақсартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызанақ пен қарбыз жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан адамдарға көмектесе алады. Зерттеу көрсеткендей, олардың құрамында ауруға шалдыққан қан тамырларын қалпына келтіріп, олардың өткізу қабілетін жақсартатын ликопин пигменті бар.
None
None

Америка ғалымдары зерттеуді 72 ерікті адамның қатысуымен өткізді. Құрамында ликопин бар препаратты қабылдаған науқас және дені сау адамдардың қан тамырларының өткізгіштігі 53 пайызға өскені анықталды. Сондықтан қызанақтар мен қарбыздды үнемі тамаққа пайдаланатын адамдар жүрек-қантамары ауруларына сирек шалдығады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар