Ғалымдар: Қыздар ұлдарға қарағанда қартайған ата-аналарына көбірек көңіл бөледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар қыз өсірген ата-ана қартайғанда жақсырақ өмір сүреді деген пікірге келді. Олардың пайымынша, қыздар ата-анасына көбірек көңіл бөледі. Қыздар қартайған ата-анасына айына орташа алғанда шамамен 12,3 сағатын бөлсе, ұлдар небары 5,6 сағатын ғана арнайды екен.
Зерттеу жұмыстары АҚШ-та жүргізілді, деп хабарлады Myjane. Ол екі жылдан астам уақыт жүргізіліп, оған 50 жастан асқан 26 мыңнан астам адам қатыстырылды.
Зерттеуге қатысқандардың жауабын саралай келе, қыздар ұлдарға қарағанда ата-анасына 2 есе көп көңіл бөлетіні анықталды.