Ғалымдар Марста мұхит болғанын дәлелдеді

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Марста өмір болғаны туралы мәселемен зерттеушілер көп жылдардан бері бас қатырып жүр.

Ғалымдар Марста мұхит  болғанын дәлелдеді

Олардың барлығы да қызыл ғаламшарда су болған болса, онда өмір болған деген ортақ пікірде. Бұл туралы ЕуроСМИ газеті хабарлады.

Иллинойс Солтүстік университетінің зерттеушілері НАСА-ның ғарыш аппараттары түсірген мәліметтер негізінде Марс бедерінің компьютерлік моделін жасап шықты. Оның нәтижесі таңғаларлық болды, өйткені бұрын Марста мұхит болғанға ұқсайды.

Астрономдар қызыл ғаламшардың солтүстік жартышарында аңғарлардың болуы  су ағындарының әсерінен екендігіне сенімді. Бұл миллиардтаған жылдар бұрын осы аумақта мұхит болғанын білдіреді.

Енді НАСА ғалымдары мұхиттың жоғалу себептерін анықтау үшін зерттеулерін жалғастырмақ.