05:47, 28 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Ғалымдар маскүнемдіктен құтқаратын дәрі ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар маскүнемдіктен құтқаратын дәрі ойлап тапты, деп хабарлады «Петербургский дневник» басылымы.
Диабеттен емдейтін дәрілер маскүнемдіктен құтылуға көмектесетіні анықталды, деп жазады Planet Today.
Гетеборг Университетінен швейцариялық ғалымдар диабеттен емдейтін дәрілерде ГГП-1 гормоны табылғанын хабарлады. Бұл гормон мас күйінде адамдар қуанышты күйде болатын дофаминді синтездейді.
Ғалымдар зертханалық кеміргіштерге эксперимент жасады - олар ГГП-1 гормонын егіп, тышқандардың маскүнемдікке тәуелділіктен құтылуына қол жеткізді. Мамандар бұл гормон маскүнемдіктен зардап шеккен адамдарға да көмектесе алады, деген қорытындыға келді.