Ғалымдар: Майлы тағам адам психикасына кері әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майлы тағам адам психикасына кері әсер етеді. Бұл туралы Biological Psychiatry журналы жазады.
None
None

MedikForum порталы жазғандай, ғалымдар зерттеу жүргізгенде бір топ тышқанды дұрыс тамақтандырса, екіншісіне майлы тағам берген. Кейін екінші топтағы кемірушілердің ас қорыту жүйесінен микрофлоралары алынып, бірінші топтағы тышқандарға енгізілген.

Бұдан кейін дұрыс тамақтанған кемірушілердің психикасында өзгерістер байқалды. Оларда агрессия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және алаңдаушылық деңгейінің артқаны байқалған.

Зерттеушілердің пайымынша, бұл майлы тағам иммундық жүйеге жауап беретін ас қорыту жүйесінің микрофлорасына әсер ететінін айғақтайды. Осылайша психикаға қысым көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар