Ғалымдар: Медитация спортпен айналысуға жәрдемдеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медитациямен айналысу жасөспірімдерге дұрыс тамақтануға және спортпен айналысуға жәрдемдеседі. Америкалық зерттеушілер семіздікпен күрес әдісін жасап шығару үшін 40 жасөспірімді зерттеуге қатыстырды.
Зерттеушілер тоғызыншы сынып оқушыларының физикалық белсенділігі, тамақтануы деңгейін зерделеді. Еріктілердің басым бөлігінде артық салмақ болып, дұрыс тамақтанбаған.
Қатысушылар 12 апта сабаққа қатысты, деп жазды Росбалт. Жасөспірімдер диафрагма қозғалысына бейімделіп, демалуды үйренді. Бұлай тыныс алу адамның өз денесіне көп көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, еріктілердің шоколад дәмі мен тоқтықты сезінуіне назар аударылды. Оларға эмоция тағамды көп жеуге итермелейтіні айтылды. Сондай-ақ қатысушылар қозғалыстарын, оның ішінде қадам өлшеуішпен қимылдарын бақылады. Ғалымдар қорытындыны сабақ аяқталғаннан соң, үш айдан кейін бағалады.