Ғалымдар Менделеев кестесін 150 элементке дейін ұлғайтуды көздейді

МӘСКЕУ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ғалымдар қазіргі күні Дмитрий Менделеевтің периодтық кестесін 150 элементке дейін кеңейтудің теориялық мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлады Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатта, Ресей ғылым академиясы химия және материалдар туралы ғылыми бөлімінің жетекшісі, академик Борис Мясоедов.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қазіргі уақытта ғалымдар танымал элементтер санын 92-ден 118-ге дейін жеткізді, оның ішіндегі соңғылары жеделдетумен синтезделген элементтер, олардың ғұмыры миллиондаған секундтың үлесін ғана құрайды, сондықтан да, оның химиялық қасиетін тек периодтық кестеге сүйене отырып қана анықтауға болады. Академиктің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ғалымдар Менделеев кестесін кеңейте түсудің және бұрын беймәлім болып келген жаңа ауыр элементтер жасаудың тың мүмкіндігін қарастыруда.
Соңғы жаңалықтар