Ғалымдар: Миллиард жылдан кейін жердің ядросы мүлдем қатып қалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық ғалымдар Жер ядросының қату үрдісі баяу жүретінін, оның толық қатуына шамамен әлі миллиард жыл бар екенін анықтады.
Бұл туралы www.planet-today.ru хабарлады.
Осы жаңалыққа дейін мамандар жер ядросы сұйық агрегатты қасиетке ие деп ойлады. Мұндай күйде Жердің негізі тезірек қатады деп есептелген.
Қазір ғалымдар ядроның ішкі бөлігінде металдық заттар бар екенін, ол балқытылған темірмен және өзге де жеңіл металдармен қоршалғанын анықтады.
Мамандар планетамыздың ядросының түрленуін зерттеп, шамамен бір миллиард жыл бұрын Жер өзегінің ішінде қатты күй пайда болғанын анықтады. Зерттеушілер бүгінде алынған ақпараттарға сүйене отырып, Жер шамамен тағы бірнеше миллиард жыл өмір сүре алады деген тоқтамға келді.
Фото: Александр Лыскин