11:20, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ғалымдар наноқаламсап жасап шығарды
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Калифорния университетінің зерттеушілері «наноқаламсап» жасап шығарды, оның көмегімен кремнийлі негізге нанобөлшектердің қатпарларын түсіруге болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. руға сілтеме жасап.
Әзірленімнің көмегімен ғалымдар негізіне шамадан тыс шағын нанокомпоненттер алынатын электронды құрылғыларды құруды жолға қоюды жоспарлауда.
Калифорния ғалымдары наноқаламсаптың көмегімен заманауи сызба техникасында және прибор жасауда пайдаланылатын кез келген үстіңгі қабатқа наноматериалдардардан тұратын қатпарларды түсіруге болатынын айтады.
Ғалымдардың айтуынша, олардың қолында қазірдің өзінде қалыңдығы адам шашынан 50 мың есе аз болатын қатпарларды түсіру технологиялары бар көрінеді.