Ғалымдар Наполеонның арғы тегін анықтады
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - ДНК сынамалары көрсеткендей, Франция императоры Наполеон Бонапарттың шығу тегі шым-шытырық болып шықты.
Оның Корсикада туылғанын барлығы біледі, ал шыққан тегін екінің бірі айта алмайды.
Соңғы жылдары ғалымдар императордың шыққан тегі арабтар деп келген. Алайда жуырда ғана жасалған зерттеулер оның ата-бабасы Кавказдан екенін көрсетіп отыр, дейді Утро.ру сайты. Генетик Жерар Люкотт Наполеонның әке жағынан генетикалық тұқымын көрсететін Ү-хромосомаларын зерттеген жұмыстарын жария етті. Сондай-ақ, ғалым ұлы қолбасшының анасы жағынан генетикалық түбіріне жауап беретін митохондриялық ДНК зерттеулерін де ұмыт қалдырмаған.
Бұрын Наполеонның арғы тегі осыдан 3,5 мың жыл бұрын Таяу Шығыста өмір сүрген бір тайпаға жатқызылып келген еді. Бүгінде бұл тайпаның ұрпақтары негізінен Йеменде және Сауд Аравиясында өмір сүреді. Наполеонның Франческо Буонапарте есімді бір бабасы тарихта «Сарцандық мавр» атымен де белгілі болғандығы шынымен де қызықты жайт.
Алайда, Люкоттың жаңа зерттеулері бұл нұсқаның түбірін шайқалтып жіберуі мүмкін. Өйткені әкесінің бабалары Таяу Шығыстан емес, Кавказдан болып шықты.