Ғалымдар ОҚО шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.Есполов бастаған жоғары оқу орны ғалымдарының қатысуымен семинар-жиын өтті.

Ғалымдар ОҚО шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізуді ұсынды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласына инновациялық технологияларды ендіру мәселесі сөз болды. Жиында ғалымдар қатысушыларды суармалы жерлерге инновациялық технологияларды енгізу, ірі қара малдың тұқымын сақтап қалу, қарқынды бауларда алма өсірудің соны технологиясын ендіру және өзге де бағыттар аясында ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

Семинар-жиын соңында әкімдік пен аталған жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді. ҚазҰАУ мен агроөнеркәсіп (АӨК) саласының біріктіріліп, өндіріс пен ғылымда жемісті әрекет етуді мақсат тұтқан меморандум ғылыми жобаларды шаруашылықта ендіру арқылы аграрлық сектордағы өнім көлемінің артып, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды, сол арқылы, облыстың агроөнеркәсіп саласының инновациялық дамуын арттырып, әлеуетін көтеруді көздейді.

Жиыннан соң, университет профессорлары облыстың ауыл шаруашылығының барлық бағыттарымен айналысатын жеті ауданға аттанды. Онда ғалымдар жекелеген тақырыптар аясында көшпелі семинарлар ұйымдастыратын болады.