Ғалымдар: Өмірде нақты мақсаты бар азаматтар жүрек ауруларына душар болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өмірде нақты мақсаты бар азаматтар жүрек ауруларына душар болмайды.АҚШ ғалымдары осындай тоқтамға келді, деп жазады 24.kz.
Зерттеу жұмыстары 7 жыл бойы жүргізілген. Осы уақыт аралығында мамандар орта жасы 67-ден аспайтын 136 мың адамның денсаулығын жіті тексерістен өткізген. Зерттеу барысында қатысушылардың 14,5 мыңы о дүниелік болған. Және олардың көбі жүрек талмасынан ажал құшқан көрінеді. Сондай-ақ бақылау барысында қатысушылар түрлі тестілеуден өткен. Нәтижесінде нақты өмірлік мақсаты барлардың жүрек талмасынан қаза болуы небары 20 пайызды құрайтыны анықталды.