Ғалымдар: Өмірлік мақсаты бар адамдарда жүрек аурулары сирек кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар өмірлік мақсаты бар адамдар жүрек ауруына аз шалдығады деген қорытындыға келді. Бұл деректер келтірілген баяндама Балтиморда өткен конференцияда оқылды.
Зерттеуге 137 мың адам қатысқан. Ғалымдар олардың тек денсаулығына ғана емес, сондай-ақ психологиялық жағдайына да мән берген. Анықталғандай, өмірде мақсаты бар, немерелерінің күтіміне жауапты қариялардың басқа замандастарына қарағанда жүрек қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі 23% төмен болған. Бұнымен қоса, осындай өмірлік мақсаты бар адамдардың түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі 19%-ға аз болады, деп жазады "Газета.Ру".