Ғалымдар: Отбасында балалардың үлкені кішісіне қарағанда жолы болғыш келеді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Эссекс университетінің ғалымдары отбасында үлкен балалар кіші балаларға қарағанда өмірде жолы болғыш келетінін анықтаған.

Ғалымдар: Отбасында балалардың үлкені кішісіне қарағанда жолы болғыш келеді

Зерттеу барысында алынған фактілер өмірде жеткен жетістіктер - отбасындағы балалардың үлкендерінің үлесінде болғанын көрсетеді. Оған мысал Хиллари Клинтон, Опра Уинфри, Джоан Роулинг, Бейонсе болып табылады. Олар отбасының тұңғыштары болған және керемет жетістіктерге қол жеткізген.

Бұл ретте зерттеушілер қыз балалардың пысықтығы арқасында табысқа жету мүмкіндіктері кеңірек болатынын нақтылған, деп хабарлайды Myjane. Ал ер балаларда бұл баяу, бірақ ер бала, қыз бала болсын, өздерінен кіші іні-сіңлі, қарындастарынан бұрын ЖОО-ға түсіп, артынша мансап баспалдағында жылдамырақ биіктен көріне білген.

Тұжырым екі не одан көп балалары бар 3532 үй иесі берген ақпарат негізінде жасалған.