21:22, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Ғалымдар Өзбекстанда динозаврлардың іздерін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Ташкент облысында жергілікті ғалымдар диназаврлардың жаппай қырылуынан кейінгі кезеңнен олардың іздерін тапты, деп хабарлады УзТАГ.

«Өзбекстанның ҒА геология және геофизика институтының қызметкерлері палеоген кезеңінде өмір сүрген жануарларды сипаттады. Олар ұсақ жұп тұяқтылардың, мысық тұқымдас ірі жыртқыштардың және динозаврларға ұқсас үш саусақтылардың ізін анықтады», - делінген хабарламада.
Бұл іздерді ғалымдарТашкент облысындағы институттың геологиялық экспедициясының қазба жұмыстары кезінде тапқан, деп жазды Uzbekistan Today.