Ғалымдар: пияз бен сарымсақ улы қалдықтарды залалсыздандыра алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан ғалымдары пияз бен сарымсақтың сіңіру қасиеті біздің планетамызды ластан сақтай алады деп хабарлады.
Сарапшылар зауыттар мен түрлі фабрикалардан бөлінетін улы затты жою үшін пияз бен сарымсақтың қабығын нәтижелі пайдалану жолын табуға бел буды. Сөйтіп, денсаулыққа пайдалы өсімдіктер олардың алдына қойған тапсырманы орындай алатынына көз жеткізген. Олар ауыр металлдардағы қалдықтарды тазарта алады.
Ғалымдар қызықты зерттеу жүргізді: 7 сарымсақ пен пияз алып, оларды қалдықтар үйіндісіне тастады. Ондағы мақсаты - қалдықты қанша көлемде сіңіретінін тексермек болған. Аталмыш тәжірибе нәтижелі болды. 7 сарымсақ пен пияз кадмий, сынап, қорғасын және күшән сияқты зиянды заттардың 70 пайызын сіңірген.
Тіпті, кейін сарымсақ пен пияздың көмегімен тазартылған қалдықтарды қайта өңдеу үшін пайдалануға болатыны анықталыпты. Осыған орай, ғалымдар өсімдіктер өздігінен қоршаған ортаны тазарта алатынын дәлелдеп, халыққа табиғатты қорғау керек деген ой тастады.