Ғалымдар: Пластикалық құтылардағы су денсаулық үшін қауіпті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пластикалық құтылардағы су адам ағзасы үшін қауіпті және ол бас ауруын тудырады. Бұл туралы бірқатар зерттеу жүргізген америкалық ғалымдар айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Тәжірибеге кемірушілер қатыстырылды. Оларға пластикалық ыдыстан су беріліп отырды. Біраз уақыттан соң оларда түрлі аурулар пайда бола бастады. Оның ішінде бас ауруы, бедеулік және семіздік бар.

Зерттеушілер пластикалық бөтелкелерде сақталатын суды пайдалануға болмайды деген тоқтамға келді. Шыны ыдыстағы суды сатып алған жөн.

Ал шыны ыдыс өндірушілер үшін қымбаттау болып, сәйкесінше судың да бағасы көтеріңкі болады. Сондықтан қазір су көбінесе пластикалық бөтелкеде сатылады.

Соңғы жаңалықтар