Ғалымдар: Сарымсақ миды аурулардан қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Миссури университетінің ғалымдары сарымсақ құрамындағы нәрлі заттар миды аурулардан қорғай алатынын анықтады. Мамандардың айтуынша, сарымсақ жас ерекшеліктеріне қарай орын алатын Альцгеймер және Паркинсон аурулары сияқты неврологиялық аурулардың алдын алады.
Құрамында күкірт бар сарымсақ қабынуға қарсы қорғаныс қасиеті барлығымен белгілі, деп хабарлады Kedem.
Зерттеушілер сарымсақ құрамындағы FruArg аталатын зат миды қорғауда маңызды рөлге ие екенін анықтады. Ол қоршаған ортаның теріс әсерлерінен жасушалардың зақымдануының алдын алады.
FruArg антиоксиданттың арқасында ол миды қорғап қана қоймай, емдейді, - дейді ғалымдар.