Ғалымдар: Шай ерте өлім қаупін төмендетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Декарт атындағы Париж университетінің ғалымдары шайқұмарларды жаңа зерттеулерімен қуантты, деп жазады CarsN сайты.
Осы оқу мекемесінің қызметкерлері шай үнемі ішкен адамның ерте өлім қаупін 24 пайызға төмендетеді деп санайды. Профессорлар өздерінің мәліметтерін ESC халықаралық кардиологиялық конгресіне ұсынды.
130-дан астам еріктілер шайдың өз денсаулығына әсерін сынап көрді. Бұл тәжірибе 7 жыл бойы жүргізілді. Бұл адамдар күніне төрт кеседен көп шай ішкен. Қорытындысында олардың ауруға ұшырау қаупі шайды аз ішкен басқаларға қарағанда төрттен бірге төмендеген. . Ал кофе ішу кейбір аурулардың өрістеу қаупін туғызған.