Ғалымдар шай саңырауқұлағынан тері жасап одан етік және күрте тікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Айова штаты университетінің зерттеушілері жасанды тері жасаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Әзірге ол былғары секілді сапалы емес, бірақ күрте, аяқ киім тігуге жарап қалады. Бұл материалды жасау үшін күбі, целлюлоза талшығы, шай саңырауқұлағы, сірке суы және қант қажет, деп жазды Gizmodo.

Ғалымдар шай саңырауқұлағынан тері жасап одан етік және күрте тікті

Оларға бактериялар мен ашытқы қосқаннан кейін жасанды тері сұйықтықтың бетінде өздігінен өсе бастайды. Алынған материалдан бәтеңке мен жкүрте тігілді. Әзірге жасанды терінің сапасы әлі төмен: жаңбыр кезінде суланып, езіліп қалады, суықта қатып қалады.

Инновациялық теріні жаппай өндіруге ертерек. Материалдың бір парағы төрт аптада толықтай өсіп шығады. Оның жақсы жағына келсек материал таза табиғи, ол өздігінен ыдырап кететіні табиғат қорғаушыларына көңілінен шығары сөзсіз.
null null