Ғалымдар шоколадтың құрамынан денсаулыққа зиянды заттарды анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Кампинас университетінің ғалымдар тобы шоколадтың түрлі сорттарын, атап айтқанда 30-дан астам шоколад маркасын зерттеді.
Ғалымдарды ондағы пайдалы заттардың мөлшерінің тым аздығы таң қалдырды. Тәттілердің кей сорттарында қорғасын, кадмий сияқты химиялық элементтер табылса, шоколадтың кейбір маркаларында қорғасын мен магнийдің деңгейі адам қауіпсіздігі үшін ұсынылатын мөлшерден асып кеткен. Зерттеушілер бұл зиянды заттарды шоколад ағашы ластанған жерлерде өскендіктен сіңіріп алған деп санайды.