Ғалымдар: Шөл өсімдіктерінен биоотын өндіруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boeing корпорациясы Біріккен Араб Әмірліктерінің ғылым және технология институтының зерттеу тобымен бірігіп, әуе көлігіне биоотын өндіру саласындағы зерттеу жұмыстарына кіріспек. Аталмыш жоба құрғақшылық жайлаған елдерді биоотынмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр, деп жазады muslim.kz.

Ғалымдар: Шөл өсімдіктерінен биоотын өндіруге болады

Аталмыш компания мамандары хабарлағандай, шөлде өсетін әрі мұхит суымен қоректенетін өсімдіктерден биоотын өндірудің бәлендей қиындығы жоқ көрінеді. Осыған байланысты, әсіресе, әуе көлігіне қажетті биоотын құрамында тұзы көп топырақта немесе сортаң жерлерде өсетін өсімдіктерден, соның ішінде, галофиттен алынатын болады.

Мұхиттың кермек татыған тұзды суымен суғарылатын галофиттің екі бірдей егістігінен алынатын биоотын реактивті ұшақтарға пайдалнылатын болады. Жанар-жағар майдың орнына жүретін биоотынның осынау түрі әдеттегі қазбалы отын түрлері бөліп шығаратын көмірқышқыл газын 50-80 пайызға дейін азайтады екен.