Ғалымдар: Смартфондар ауруды анықтауға сеп бола алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандар кез келген смартфон сирек кездесетін аурулар, тіпті қауіпті Эбола безгегін анықтай алады деген сенімде.
Сонымен бірге, технологиялық құралдар болашақта адам үшін дәрігердің орнын алмастыра алады деген болжам да жоқ емес. Белгілі профессор Эрик Тороль адамзат аталған дертпен күресте маңызды тәсілді назардан тыс қалдырып жүр деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, көптеген ауруларды ұялы телефонның көмегімен анықтауға болады, деп хабарлады Healthvesti. Смартфон өз иесінің іс-әрекеттерін бүге-шүгесіне дейін қадағалай алады. Эбола індеті жер-жерге таралып жатқан қазіргі кезде осындай технологиялардың рөлі ерекше. Атап айтқанда, науқас туралы оның құралында сақталып қалған ақпарат ол ауырғанға дейін болған жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Әрі, оның қандай адамдармен қарым-қатынаста болғанын да білуге болады. Сәйкесінше, мұндай жанды дер кезінде ауруханаға жатқызып, уақытылы ем жүргізу мүмкіндігі де арта түседі.