Ғалымдар смартфонның жарылу себебін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Стэнфорд университетінің ғалымдары қазіргі заманауи смартфондарға, планшеттерге орнатылатын литий-ионды батареялардың жарылу себебін анықтады, деп хабарлайды Engadget.

Ғалымдар смартфонның жарылу себебін анықтады

Зерттеуші мамандар криоэлектронды микроскопияны пайдалана отырып, дендриттердің  қызметін толық ашты. Дендрит дегеніміз аккумуляторларды пайдалану кезінде туындайтын құбылыс.

Литий дендриттері түсірілімдерді алған кезде ол созылған алты қырлы кристалл үлгілерін жасайды. Ғалымдар бұрындары  электрондық микроскопия әдісін пайдаланып, дендриттер  реттелмейтін формада болады деп тұжырымдаған еді.

Мамандардың пікіріне қарағанда, дендриттер санының өсуі электрохимиялық ұяшықтың ішінде тұйықталуға алып келеді.  Бұл процесс литий-иондық батереялардың жарылуымен тікелей байланысты.