Ғалымдар солтүстікамерикандық ежелгі өркениет орнын тапты
ВАШИНГТОН. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат – Флорида университетінің археологтары сенсациялық жаңалықты хабарлады. Гурон солтүстікамерикандық көлінің табанында 30 метрлік тереңдікте ғалымдар ежелгі өркениет орнына қатысты артефактілерді тапты. Мұндай жәдігер 7-10 мың жыл бұрын Ұлы көлдердің аумағында қанатын кеңге жайған елді мекендердің болғаны туралы алғашқы белгі болып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.Тұщы көлде орналасқан әлемдегі ең үлкен арал ? Манитулин қайраңы ғалымдардың назарын аударды. Зерттеушілердің айтуынша, шамамен 9 мың жыл бұрын көлдердің бірінің орнында тас арқалық-өткелдермен жалғастырылған бірнеше шағын су қоймалары орналасқан. Ол кездері ішкі сулардың жалпы деңгейі әлдеқайда төмен болған. Осының салдарынан тау шоқылары көлдерден биік болып, өзіндік табиғи көпірді құраған. Су деңгейі толассыз өсе бастаған кезде су қоймалары бірігіп, Гурон деген үлкен көлге біріккен, ал арқалық-өткелдер су астында құрдымға кеткен. «Біздер алғаш рет 30 метр тереңдікте өте жақсы сақталған ежелгі адамдардың тұрақтарын тауып отырмыз, деді жобаның жетекшісі, антропология профессоры Джон О'Ши. ? Ғылыми көзқарас тұрғысынан бұл өте маңызды, өйткені тұрақ аумағы су астында консервацияланған болып есептеледі және ертедегі құрылыстардың барлық ерекшеліктері адам мен климаттың әсерінен бүлінбей өзгеріссіз қалған. Жаңалықтың мәні, сөз жоқ, орасан үлкен. Арқалық-өткелдерде өркениеттің болғанын ашып, біз ежелгі адамдардың көші-қон бағытын және Ұлы көлдер аумағындағы қоныстанудың ерекшеліктерін қалпына келтірдік».Ғалымдар дәл осы Ұлы көлдер аумағында адамдар дамуының бір кезеңі өтті деп топшылайды. Адамзаттың осы бесігінде адамдардың биологиялық дамуы басталды және жіті жүргізілді, кейіннен оның мутациясы күшейе түсті. Археологтардың пікірінше, табылған тас құрылыстарын аңшылар орман бұғылары ? карибттерді аулау үшін тұрғызған. Қолдан жасалған тас астаулардың ішіне түз тағыларын тұзаққа түсіру үшін жем орналастырылған. Ғалымдар тас қуыстарымен ? Гуронның табанынан табылған жәдігерлермен шектелмек емес, іздеу жалғастырылатын болады.