Ғалымдар: спорттың күш қолданатын түрлері ер адамдардың шаштарын ертерек түсіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттың күш қолданатын түрімен шұғылданатын ер адамдардың шашы өзгелерге қарағанда ертерек түседі. Бұл шашты түсіретін тестостерон, дигидротестостерон - гормондарының деңгейін арттырады, деп мәлімдеді британдық ғалымдар.

 Ғалымдар: спорттың күш қолданатын түрлері  ер адамдардың шаштарын ертерек түсіреді

Дигидротестостерон, тестостерон нұсқасы шаштағы жасуша-рецепторға жылдам қосылып, маңызды нәрлі заттарды игеруін бөгейді. Уақыт өте келе шаш түйіншесінің кебуіне, оның өлуіне алып келеді, деп хабарлады Росбалт.

Протеин қоспаларында кейде креатин мен дегидроэпиандростерон (DHEA) кездеседі, олар бұлшық еттің ұлғаюымен қоса, қан айналымында тестостерон деңгейінің артуына соқтырады.