Ғалымдар: Студенттер жүйке жүйесінің бұзылуына неғұрлым бейім

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары адамның қай санаты басқаларға қарағанда, түрлі психикалық бұзылыстарға бейім екенін анықтауды шешті.

Ғалымдар: Студенттер жүйке жүйесінің бұзылуына неғұрлым бейім

Америкалық күйзелісті зерделеу қауымдастығының мамандары түрлі адамдардың психикалық жағдайына жаппай тексеру жүргізді.

Зерттеу қатысушыларына психологиялық тестен өту ұсынылды. Екі мың адамның ішінде тапсырманы 18-25 жас аралығындағы 198 жас нашар орындады.

Зерттеу авторлары бұл санатқа «студент жасы» деген атау берді.

Бір қызығы, күйзеліс, басқа да жүйке жүйесінің бұзылу белгілері көбінесе ауқатты отбасыдан шыққан студенттерде кездесті.

Мамандардың пікірінше, жыл сайын студенттерге заманауи технологиялардан туындаған қысым көп салмақ салады. Бұдан басқа, көптеген жастар өмірде табысқа жете алмаудан қорқады, салдарынан күйзеліске ұшырап, жүйке жүйелеріне кері әсер алады.