05:31, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Ғалымдар: Сұлыда атеросклерозға қарсы бірегей дәрілік қоспа бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сұлының антиоксидантты, ісікке қарсы тұра алатын ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, ол қышу қоздырғышын тоқтатып, қатерлі ісіктен қорғайды, деп жазады Business Standard.
Осы орайда ғалымдар бұл авенантрамид қоспасын жүрек және қан тамырларды атеросклероздан қорғаныш ретінде пайдалануға ұсынуда.
Атап айтқанда, тұтас дәннен жасалған азық-түлік өнімдері бірқатар індеттердің тәуекелін төмендетуге байланысты екені белгілі, оның ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары бар. Бұл дәндегі дәрумендердің, минералды заттар мен фотохимиялық қоспалардың молдығы індетінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Тафтса университетінің ғалымы Оливер Ченнің зерттеуіне қарағанда, сұлыдағы авенантрамидтің ісікке қарсы және антиоксидантты әсері қан тамырларды қабаттанудан қорғайды.
Бұған қоса, авенантрамид тамырлардағы майлы қабаттардың қалыптасуына байланысты қатерлі цитокиндерді жояды екен.