Ғалымдар: сүтті көп ішу тізе буынының ауруынан сақтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүтті қажетті мөлшерде пайдалану тізе буынының остеоартрозынан сақтайды. Америкалық ғалымдар бұл жаңалығын «Arthritis Care & Research» ғылыми журналына жариялаған.

Ғалымдар: сүтті көп ішу тізе буынының ауруынан сақтайды

Ғалымдардың пайымынша, майсыз немесе майы аз мөлшердегі сүтті ұдайы ішіп отыру тізені түрлі дерттен сақтауға септігін тигізеді. Олар мұндай қорытындыға 2148 адамға жүргізген зерттеу жұмысынан кейін келген. Ал оған түрлі жастағы ерлер мен әйелдер қатысқан.

Әсіресе, сүтті көп ішу әсіресе әйелдер үшін пайдалы дейді ғалымдар. Себебі, тізе буынының остеоартрозы ерлерге қарағанда, көбінесе әйелдерде жиі кездеседі екен.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, йогурт немесе басқа да сүт өнімдері аталған дерттің алдын алуға көмектеспейді. Сондықтан, таза сүттің өзін ішкен жөн саналады.