Ғалымдар табиғи апаттар болуы мүмкін елдерді анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Университеті мамандары 2016 жылы табиғи апаттарға ұшырауы мүмкін бірқатар елдің тізімін анықтады.
Сарапшылар 2015 жылы табиғи құбылыстар болған рейтингті басшылыққа алған. Есептің қорытындысы бойынша, ең қауіпті он ел анықталды. Зерттеу нәтижесінде: Исландия, БАӘ және Жапония, Гватемала, Бангладеш, Филиппиндер, Тонга корольдігі сынды бірқатар ел табиғи апаттар болуы мүмкін мемлекеттер қатарына жатқызылды.
Ал биыл табиғи құбылыстардан аман болатын қауіпсіз елдер қатарына Мальта, Барбадос, Катар елі енді, деп жазады The Daily Mail.
Фото: UNICEF / Getty Images