Ғалымдар таяудағы 20 жылдың ішінде Ресей халқының азаятындығын ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 жылдан кейін Ресейдің халық саны 83 мың адамға азаяды. Бұл туралы Мәскеудегі Гайдаровский форумында ғылыми сарапшылар мәлімдеді, деп хабарлайды «Известия» газеті.

Ғалымдар таяудағы 20 жылдың ішінде Ресей халқының азаятындығын ескертті

Ғалымдардың жасаған Ресей демографиялық еңбегінде көрсетілгендей, 2016 жылдың 1 қаңтарында елде 146,545 миллион адам өмір сүрсе, 2035 жылы олардың саны 146,462 миллионға кемімек. Экономика жоғары мектебі ғылыми-зерттеу университеті Демография институтының директоры Анатолий Вишневскийдың айтуынша, Ресейде халықтың табиғи азаюы ағымдағы демографиялық пирамида салдарынан өседі.

«Қазір туу саны аз болған 1990 жылы туған балалар ата-ана атануда. Сондықтан аналар саны аз. Ертелі-кеш дүниеден өтетін қарт кісілер саны қатар өсуде», - деп түсіндірді Вишневский.