Ғалымдар темекі тартуды тастаудың жаңа әдісін ұсынды
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Темекі тартуды азайтқысы келетін немесе зиянды әдеттен құтылмақшы болған адамдарға жақсы жаңалық бар, деп хабарлады РБК агенттігі.
Эксетер университеті ғалымдарының айтуынша, темекі шегуден құтылу үшін спортпен айналысу қажет, деп жазады The Daily Mail.
Ғалымдар 19 клиникалық сынақтардың барысында алынған мәліметтерді талдай отырып, қарапайым дене жүктемесі адамдардың өз еркімен темекі тастауына көмектеседі деген қорытындыға келді. «Жаттығулар уақытша пайда беретініне қарамастан, темекіні тастап жүрген кезде спортпен айналысуды ұсынамыз», - деді зерттеу жетекшісі, денсаулық психологиясы профессоры Адриан Тейлор.
Темекті тартушыларды зерттеу барысында топ екіге бөлінді: олардың бірі бүкіл эсперимент кезінде спортпен, негізінен, жылдам жүрумен және велосипед тебумен айналысты, ал екінші бақылау тобы жай ғана демалды. Еріктілердің айтуынша, дене жаттықтырулары темекі қажеттігін азайтқан. Алайда бұл немен байланысты екенін ғалымдар әзірге түсіндіре алмайды. А.Тейлордың айтуынша, жаттығу көңілді бөледі, сергектігін арттырады, сондықтан да никотиннің қажеттігі жоқ.
Сарапшылар эксперимент кезінде темекі тартушылар никотин алмастыратын сағыз және тағы басқа нәрселерді пайдаланбаған.
Кейбір мәліметтер бойынша, Ұлыбританияда әрбір бесінші ересек адам темекі тартады, олардың үштен екісі зиянды әдеттен арылғысы келеді. Жыл сайын 100 мың британдық темекіден пайда болатын өкпе қатерлі ісігінен, өкпенің, жүректің соылмалы сырқаттарынан көз жұмады. Британдық денсаулық сақтау министрлігі темекі тартатын адамдарды емдеу үшін жылына 2,7 млрд.фунт стерлинг қаражат жұмсайды.
Ғалымдардың зерттеуі Addiction журналында жарияланған.