Ғалымдар Тибет ұлтының үстіртте өмір сүруге бейімділігінің сырын ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай және Австралия елдерінің ғалымдары Тибет халықтарының үстіртте тіршілік етуге бейімділігінің сырын ашты, деп хабарлайды kazakh.people.com.
Ғалымдар тобы өздерінің бұл зерттеу қорытындысын АҚШ-тың мемлекеттік ғылым академиясының журналында жариялаған.
Цинхай-Сикан-Тибет таулы қыраты - Жер шарындағы ең биік және аумақты таулы қырат. Жер аумағы 2 млн. км². Орташа биіктігі 4000 - 5000 м, көптеген жоталардың биіктігі 6000 - 7000 метрге жетеді. Үстірттегі оттегінің мөлшері жазық жердегінің 40%-дайы ғана, ультра күлгін сәулесі де жазық жердегіден 30% жоғары. Сол себепті де бұл аумақ «тіршілікке үйлесімсіз өңір» деп аталған. Осыған қарамастан Тибет халықтары ғасырлар бойы осы үстіртті өлкеде өмір сүріп келе жатыр. Олардың үстіртті ортаға үйлесу себебін терең зерттеу үшін, Қытайдың Уынжоу медицина университетінің ғалымдары мен Австралияның Квинсленд (Queensland, UQ) университетінің мамандары бірлесе отырып, үстіртте мекендейтін тибет ұлтына тарихтағы ең үлкен генетикалық зерттеу алып барған.
Ғалымдар 3000 тибет азаматының генін, жазық өңірде мекендейтін қытай ұлтынан 2000 адамның генімен салыстыру арқылы MTHFR, RAP1A, NEK7, ADH7, FGF10, HLA-DQB1, HCAR2 сынды 7 түрлі геннің тибет ұлтының үстіртте тіршілік етуге бейімделуінде маңызды рөл атқарғанын анықтады. Мамандардың айтуынша, генге қатысты бұл жаңа байқау үстіртте өмір сүруге бейімделудің тұқым қуалау сырын ашуда маңызды мән алады екен.