Ғалымдар: Толықша келген әйелдер өмірге зерек балаларды жиірек әкеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар анықтағандай, әйелдердің денесінің төменгі жағында май қыртыстары көп болады. Өйткені бала миының құрсақ ішінде дамуы уақытында осы қыртыстар тікелей нәрлі заттар көзі ретінде қызмет етеді екен.

Ғалымдар: Толықша келген әйелдер өмірге зерек балаларды жиірек әкеледі

Нәзік жандылардың жамбас тұсы мен беліндегі май қыртыстары сәбидің интеллектуалды дамуы және оның аман қалу мүмкіндіктерімен байланысты. Аталған дене бөліктеріндегі май қабаттарынан докозагексаенді қышқылды табуға болады. Бұл - адам миының құрамындағы заттардың бірі, деп жазады Росбалт.

Жүйке жүйесі мен мидың қалыптасуына көп көлемде май қажет, деп хабарлады Meddaily. Балалардың миына қажетті қышқылдардың 80%-ға жуығы ананың май қыртыстарынан алынады екен.