Ғалымдар тұмауды жеңуге көмектесетін емдәмді шығарды
АСТАНА. 13 қыркүйек ҚазАқпарат - Тұмаумен науқастанған адам міндетті түрде ет пен шоколад жеп, итмұрыннан қайнатылған компот ішкені жөн, дейді ғалымдар зерттеуіне сілтеме жасап росбалт.
Зерттеу нәтижесі бойынша, науқас адамның ағзасы ет құрамында болатын ақуызды аса көп мөлшерде қажет етеді. Алайда, бұл азықты пайланбайтын адамдарға уайымдаудың қажеті жоқ, дәл сол протеиндер жұмыртқа, сүт пен сүт өнімдерінде де бар.
Ағзаны ақуызбен қамтамасыз ету үшін иммунитетті күшейтетін жаңғақ, ботқаларды, соның ішінде қарақұмық жармасын пайдалануға болады.
Адамға қажетті таза ақуыздың нормасы тәулігіне 50 грамм, деп хабарлады Megamedportal.
Итмұрын ағзаны вирустармен күресуге қажетті С дәруменімен қамтамасыз етеді. Тұмаумен ауырған адамның ағзасы бұл дәруменді 7 есе көп қажетсінеді.
Сонымен қатар С дәрумені цитрус өсімдіктерінде болады. Сол себепті мамандар таңертең жылы су мен лимон шырынын ішуге кеңес береді.
Кептірілген жеміс пен жөке гүлінен қайнатылған сусындардың да пайдасы зор. Алайда мультивитаминді препараттарды, әсіресе, құрамында А, D, Е, К дәрумендерін пайдаланғанда абай болу керек. Олардың жоғары концентрациясы артқан кезде гипервитаминозға әкеп соғуы мүмкін.
Медицина қызметкерлері кеңес беретін қара шоколадта иммунды жүйені қолдаушы, вирустармен күресуші флавоноидтар бар. Сондықтан тамаққа құрамында какаосы көп шоколадты қолдану керек.
Тәтті тағам ретінде, сонымен бірге, балды, қара қарақат пен шеңгел жидек тосабын пайдануға болады. Алайда кондитерлік өнімдерді тұтыну нормасын арттыруға болмайды. Оны тәулігіне 30 грамм ғана тұтыну керек.