Ғалымдар: түнде жұмыс істеу түсік тәуекелін арттырады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдар түнгі ауысымда жұмыс істейтін әйел мен бала туу проблемасы арасындағы байланысты тапты. Бұл туралы ВВС хабарлады.
None
None

Саутгемптон университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, нормаланбаған кестемен жұмыс істейтін әйелдер, яғни таңғы, кешкі және түнгі ауысымдарды алмастырып қызмет атқаратын нәзік жандылар 80 пайызға репродуктивті функцияның жетіспеуінен жиі қиналатынын анықтады. Бұл тұрғыда ұзақ уақыт жүктіліктің мүмкін болмауы байқалатын көрінеді.

Тек түнгі уақытта жұмыс істеген әйелдердің үштен бір бөлігіне (29 пайызы) жуығында түсіктің жоғары қатері байқалған. Ал әр ауысымда қызмет еткен әйелдердің 22 пайызы репродуктивті денсаулықтың проблемаларына алып келуі мүмкін циклдің бұзылуынан зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар