Ғалымдар: Тұрмыстағы әйелдер жүрек сырқатынан өлімге азырақ ұшырайды
Бұл туралы Росбалт хабарлады.
Зерттеу нәтижелері бойынша, тұрмыстағы әйелдерге қарағанда бойдақ әйелдер жүрек талмасынан өлімге көбірек ұшырайды.
Бұдан бұрынғы зерттеулер үйленген еркектер бойдақтарға қарағанда кардиологиялық өлімге азырақ ұшырайтынын көрсеткен, деп жазады BMC Medicine журналы. Соңғы зерттеуге орташа есеппен 60 жастағы ауруханаларда жатқан немесе жүрек ауруларынан қайтыс болған 734 мың 626 әйел тартылған. Барлық қатысушылардың кардиоаурулары, инсульт немесе қатерлі ісік сырқаты болған, оларды шамамен тоғыз жылға жуық уақыт бақылаған.
Осы кезеңде 30 747 әйелде жүрек аурулары өршіген, олардың 2148-і көз жұмған. Үйленген немесе тұрақты ер адамдармен байланыста болған әйелдер күйеуі жоқ әйелдермен бірдей каридолоғиялық ауруларға ұшырағанмен, тұрмыстағы әйелдердің 28 пайызында бұл аурулар өлімге соқтырмаған.
Сарапшылар сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен өмір салтын да есепке алу қажет деп санайды. Олардың айтуынша, тұрмыстағы әйелдер күйеулерінің қамқорлығы мен эмоциональдық қолдауына ие бола отырып, жүрек ауруларынан көз жұму тәуекеліне азырақ ұшырайды екен.