Ғалымдар түсін тез өзгертетін матаны жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары қоршаған ортаға байланысты түсін өзгертетін матаны жасап шығарды, деп хабарлайды Би-би-си.

Ғалымдар түсін тез өзгертетін матаны жасап шығарды

«Жеңіл тоқыма сегізаяқ секілді айналасындағы жарық пен көлеңкеге орай өзінің түсін тез өзгертуге қауқарлы» , - делінген таратылған ақпаратта.

Әзірге мата қара және ақ түстің реңктерін береді, алайда, Иллинойс университетінің ғалымдары жақын арада қалған түстерді де қосатындықтарын алға тартуда.

Зерттеушілердің пайымынша, осындай мата әскерилермен қатар киім модельерлерін де қызықтыратын болады.