Ғалымдар: Ұшақ шуылы жүрек дерттерін тудырады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ұшақтың шуылы қатты сезілетін аудандардың тұрғындары жүрек ауруының жоғары тәуекеліне ие.
None
None

Бұндай тұжырым британдық зерттеушілердің баяндамасында хабарланып отыр.

ВВС-дің жазуынша, ғалымдар Лондонның батысындағы Хитроу әуежайы маңында тұрып жатқан 3,5 миллионнан астам адамның денсаулық жағдайын зерттеп шыққан.

Белгілі болғандай, ұшақтың шуылы айрықша жоғары аумақтағы тұрғындардың жүрек-қан тамырлары дертінен ауруханаға түсуі немесе өлім-жітім деңгейі орташа көрсеткіштен 10-20 пайызға артық.

«British Medical Journal» журналында жарияланған баяндама авторларының пайымынша, қатты шуыл адамдардың артериялық қысымының көтерілуіне ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар