Ғалымдар үйдегі шаңнан микробтың 9 мың түрін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, үйдегі қарапайым шаңда микробтың 9 мың түрі болады екен.
None
None

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Колорадо университетінің ғалымдары үйден 2 мыңға жуық зиянды денелер мен бактерияның 7 мыңға жуық түрін тапты.

Үйде жануар болса микробтардың түрі арта түсетін көрінеді.

Кей бактерияларды зерттеушілер ерлерге қарағанда әйелдерден көбірек тапқаны хабарланды.

Жетекші зерттеуші, доктор Ной Фирер табылған микробтардың көбі зиянсыз екенін, кейбіреулері, тіпті, оң әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар