Ғалымдар ұйқы шақыратын тағамдарды анықтады

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Американың ғалымдары адам ағзасын әлсіретіп, ұйқы шақыратын тағамдардың бестігін анықтады. Олардың қатарында диеталық ет те, макарон да, тәттілер де бар. Бұл туралы «Алаш айнасы» жазып отыр.

Ғалымдар ұйқы шақыратын тағамдарды анықтады

Segodnya.ua интернет порталының хабар­лауынша, зерттеушілер кейбір тамақ түрлерінің адам ағзасын әлсіретіп жіберетінін анықтаған. Бірақ бұл тізімдегі ең алғашқы орында алкоголь тұр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, спирттік ішімдіктер ұйқыны тез шақырып, денені босаң­сытқанымен, адам бойындағы күшті қалпына келтіре алмайды. Ал екінші орында тұрған тәт­тілер қан құрамындағы глюкоза деңгейін бір­ден өзгертіп, ағзаны тез арада әлсіретіп жібере­ді. Үшінші саты күркетауық етіне бұйырған. Ма­мандардың сөзіне сенсек, диеталық бұл ет­тің құрамында релаксиялық әсер беретін ақуыздар көп көрінеді. Сонымен қатар ұннан жасалатын тағамдар да тізімге енді. Әсіресе ақ бидай ұнынан әзірленген макарондардың ағза­ны тез шаршатып, әлсірететіні анықталып отыр. Бестіктің қатарындағы соңғы орында қуырыл­ған тағамдар тұр. Мамандардың ай­туын­ша, қатты қуырылған ас ұйқы шақырғаннан бөлек, асқорыту жүйесін бұзып, салмақ қосуға үлкен үлес қосады екен.