ҒАЛЫМДАР: Ұйқының қанбауынан да семіздік ауруына шалдығуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның ерте жатуына келтіретін кедергі көп. Кеш ұйықтағандықтан адам күні бойы шаршап, маужырап жүреді. Егер ағзаңыз ұйқыға «шақырса», қарсы тұрмаңыз, деп жазады «Массагет» порталы.

Адамның ұйқыңыз келіп тұрғанда, мидың қызмет қабілеті 9 пайызға төмендейді. Түнгі 12-ге дейін түнделетіп отыратын болсаңыз, гипосомния, яғни ұйқы жетіспеушілігімен ауыруыңыз мүмкін. Ал ол ұйқысыздыққа шалдықтырып, есте сақтау қабілетін, иммунитетті төмендетеді.
Ұйықтап жатқанда ағза дененің физикалық күйін бағалап, күш-қуатпен толтырып, күнімен естіп-көрген ақпаратты «сараптайды».
Тәулігіне ең азы 6 сағат ұйықтау керек. Сағат 22.00-ден кеш жатпағаныңыз жөн. Ғалымдар пайымдауынша, 22.00 мен 24.00 аралығы «сұлулық уақыты», ал одан кейінгі төрт сағат «денсаулық уақыты» деп бөлінеді, сондықтан сұлу ажарыңызды сақтап, денсаулықты нығайтқыңыз келсе, кешкі оннан таңғы төртке дейін ұйықтауға тырысыңыз.

Соңғы жаңалықтар