Ғалымдар: ұйқының жетіспеуі оқушының үлгеріміне кері әсерін тигізеді

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Ұйқының жетіспеуі әлемнің 50 еліндегі оқушылардың үлгерімінің төмендеуіне елеулі фактор болып табылады, деп шешім жасады АҚШ-тың зерттеушілері.
None
None

ВВС-дің жазуынша, ғалымдар математика, ғылыми пәндер мен әдебиет бойынша 900 мың оқушының үлгерімін салыстырып, сондай-ақ олардың неше сағат ұйықтайтындығына талдау жасаған екен.

Нәтижесінде, аз ұйықтаған оқушылардың ынтасы ұйқыға жеткілікті уақыт жұмсайтындарға қарағанда төмен болған. Сонымен қатар АҚШ-та ұйқы жетіспейтін оқушылардың басым бөлігі тіркелген көрінеді.

Аталған саладағы мамандардың пайымынша, жатар алдында ұялы телефондар мен компьютерлерді пайдалану балалардың ұзақ ұйықтамай жүруіне итермелейді.

Соңғы жаңалықтар