Ғалымдар: Ұзақ отыру адам өмірін қысқартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде өлімнің 3,8 пайызы адамдардың ұзақ отыруынан болады. Бұндай тұжырымды ғалымдар жасады. Олардың пікірінше, адам өмірін ұзарту үшін күніне үш сағаттан артық отырмау керек және үнемі қозғалыста болу қажет.

Ғалымдар: Ұзақ отыру адам өмірін қысқартады

Бразилиядағы Сан-Паулу университеті ғалымдарының айтуынша, 30 минутқа аз отырғанның өзі адам денсаулығына жақсы әсер етеді.

Ғалымдар бұндай тұжырымды 15 жыл бойы 54 мемлекеттегі өлім-жітім деңгейін зерттеген соң айтты. Өлім-жітімді азайту үшін күніне 2-3 сағатқа аз отыру керек деген кеңес береді мамандар.

Зерттеу барысында мамандар ұзақ отыру түрлі аурулардың қоздыратынын, оның ішінде семіздікке де алып келетінін ескерді. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, отырып жұмыс жасайтын адамдар инфаркт пен инсультке жиі шалдығады екен.

Зерттеу авторлары егер адам көп уақытын қозғалыста өткізсе, салауатты өмір салтын ұстанса, өлім-жітім деңгейін айтарлықтай азайтуға болады деп санайды, деп жазады шетелдік БАҚ.