Ғалымдар XVI Людовиктің табылған мәйіт қалдықтарының оған тиесілі екеніне күмән келтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар XVI Людовиктің мәйітінің қалдықтарын жалған деп тапты. Себебі, бұл қалдықтар тегі француз адамға тиесілі болып шықты, ал әйгілі монархтың ата-бабасы итальяндық-неміс текті болған.
None
None

Болжам бойынша мәйіт қалдығы ретінде сопақша ыдыстан тақ иесінің қан үлгісі табылған деп жазылған Scientific Reports ғылыми журналында жарияланған мақалада.

Егер осыған дейін олар бұл қалдықтардан митохондриальді ДНК мен Y-хромосомалы гаплотоптың үлгісін алып, оны қолда бар Бурбонов ұрпағының баламасымен салыстырса, енді зерттеушілер оны генмен салыстырып бақылаған. Анықталғандай, олар тегі француз адамға тиесілі болып шықты, ал монархтың тегі итальяндық-неміс болған.

Сондай-ақ, «жалған» ХVI Людовик қоңыр көзді және аласа бойлы болып шықты. Ал тарихи мәліметтерде оны бойы ұзын, көзі көк деп сипаттайды.

Айта кетейік, осыған дейін ғалымдардың Бурбонов әулетінің екі монархының - IV Генрих пен XVI Людовиктің сүйек қалдықтарының шынайылығына күмәнмен қарайтындары хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум